25 қазан – Республика күніне орай облыс орталығында Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Дәстүрлі шараны ел қорғандары бастады. Қолдарына көк байрағымызды ұстаған жігіттер оркестрдің сүйемелдеуімен көпшілік алдына шықты. Жиналған жұртшылықтың ендігі назары елдігімізді айғақтайтын, Қазақстанды әлемге паш ететін облыстық мәслихат алдындағы рәмізде. Көп ұзамай әнұран шырқалып, туымыз көкке көтерілді.
Салтанатты шараға аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Тура 35 жыл бұрын қабылданған декларация – Тәуелсіздіктің бастауы, еліміздің берік тұғыры. Ежелден аңсаған егемендік осы күннен басталғанын білу қажет. Салтанатты шара әнмен жалғасын тапты. Сахнаға шыққан өнерпаздар патриоттық әндер орындады.
Орталық алаңға жиналған жерлестеріміз арқа-жарқы болды. Бір-бірін құттықтады, жүрекжарды тілектер айтты.
— Ең үлкен мейрам. Туымыз желбірей берсін! Халық аман болсын!
— Әзербайжан мәдени орталығы атына, өзімнің атымнан Республика күнімен құттықмаймын. Ортақ үйіміз – Қазақстан дами берсін!
— Немереммен келдім. Осыны немерем көрсін, елдің патриоты болсын деген ниетім бар. Қазақстан өркендей берсін!
Байболат Құлтанов