Аптадағы маңызды жаңалықтарМәдениет

Басты алаңда Республика күні аталып өтілді

Республика күні басты алаңда ауқымды концерттік шара ұйымдастырылды. Концертті тамашалауға келген жұртшылықтың қарасы қалың. Жергілікті шығармашылық ұжымдар, мектеп хорлары мен жас әншілер сахнаға кезекпен шығып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

ӘЙГЕРІМ НАУРЫЗБАЕВА, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшының міндетін атқарушы:

— Барлықтарыңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын

Ортада концерт өтіп жатса, бер жағында И.Шухов атындағы кітапхана мамандары тұрғындар мен қала қонақтары үшін “Менің Қазақстаным” атты интерактивті ойын алаңын құрды. Балалар да, үлкендер де ойынға белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап берді.

АЙМАН ТӘСТЕНБЕКОВА, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың бөлім меңгерушісі:

— Тарих дөңгелегінде тарих, әдебиет, география, музыкаға қатысты сұрақтар бар. Бір сұрақ үш жауаптан тұрады.

Баршасының жүзінде шаттық пен қуаныш. Солтүстікқазақстандықтар ойындарға белсенді ат салысты. Концерт тамашалап, бір-бірін мерекемен құттықтады.

 

Мәдина Қаби