Қоғам

Мамлют ауданының еңбеккері Мұрат Қаражұманов “Қазақстанның Еңбек ері” атағын алды

СҚО-дан шыққан қарапайым механизатор Президент қолынан марапат алды. Астанада Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік басқосуда “Мамбетов и К” КС қызметкері құрметке бөленді. Оған Мемлекет басшысы “Қазақстанның Еңбек ері” атағын табыстады. Азаматтың аға-інілері де ауыл шаруашылығында тер төгіп жүр. Айта кету керек, Қаражұмановтар әулетінің саладағы еңбек өтілі 350 жылдан асады. Ауыл шаруашылығы – оларға жай ғана мамандық емес, мұраға айналған кәсіп.