Қазақстанда паллиативтік көмекке қолданылатын дәрілердің тізбесі кеңейтілді. Тізім 18 атауды қамтиды. Денсаулық сақтау министрлігі стационарларда паллиативтік көмек көрсету тарифін және көшпелі мобильдік бригадаларды қаржыландару көлемін ұлғайтты. Бұл пациенттер үшін көмекті қолжетімді етуге және паллиативтік қызметтің құрылымын нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 2087 паллиативтік төсек орналастырылған. Оның 81-і балалар төсегі. Барлық 20 өңірде 220 мобильдік бригада жұмыс істейді. Бұл туралы ведомствоның сайтында жазылды. Паллиативтік көмек көрсететін 9 дербес мекеме Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Қарағанды, СҚО, Павлодар, Абай және ШҚО-да жұмыс істейді. Осындай қолдауға зәру жандардың көбі онкологиялық және жүрек-қантамыр жүйесінің дертіне шалдыққан.