Петропавлдағы «Qyzylzar» креатив орталығында «Медиаплатформалар және қауіпсіздік: цифрландыру дәуіріндегі әскери коммуникациялар үшін жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы ұйымдастырған алқалы жиында маңызды мәселелер көтерілді. Спикерлер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіптерді анықтауда және болдырмауда жасанды интеллектіні жетілдіру жөнінде пікір білдірді, ұсыныстарын ортаға салды. Айтылғандарды жас мамандар мен курсанттар ұйып тыңдады.
АСЛАН МҰСАБЕК, ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанты:
— Қазіргі жаңа әдістер мен инновациялық технологияларды пайдалану – білім беру үдерінің ажырамас бөлігі. Біз күн сайын цифрлық білім беру жүйесін пайдаланып, білім деңгейімізді арттырамыз.