Құқық қорғау органдары

Әскерилерге құрмет көрсетілді

Мерекеге орай ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұланға қарасты Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің қызметкерлеріне және сарбаздарына құрмет көрсетілді. Темірдей тәртіпке әбден бейімделген, ел үшін от кешуге даяр ұландар мемлекеттік және ведомствалық наградалармен марапатталды.

Еңсені тік ұстап, алға нық қадам жасағандардың арасында көп жылғы еңбегімен, қызметтегі батылдығымен көзге түскен жандар да бар. Солардың бірі биыл зейнетке шықты.

АҚҚУ АХМЕТЖАНОВА, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің ардагері:

— Әскери өмірге осыдан 18 жыл бұрын келген едім. Жұмысқа жолдасым әкелді. Қызметті Павлодар қаласында бастадық.

Мереке қарсаңында табысталған марапат жауапты міндет жүктелген әскерилерге жігер береді. Олар қашан да қауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуге даяр.

ШУХРАТ АШИМОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

— Біздің міндетіміз – әртүрлі мекемелерді күзету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ұлттық ұланға қарасты 6637 әскери бөлімінде қазір 200-ге жуық маман еңбек етеді. Ал ер міндетін орындап жүрген жауынгерлердің саны 400-ден асып жығылады.

 

Мәдина Қаби