1990 жылғы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашты. Осы уақыт ішінде Солтүстік Қазақстан облысы барлық салаларда тұрақты түрде дамып келеді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Мемлекеттік қызмет ардагерлері мен депутаттарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібилігіңіз және бастамаларыңыз өңіріміздің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Сонымен қатар, бұл еңбектер қоғамымыздың бірлігін нығайтып, жас ұрпаққа үлгі болуда.
Әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан зор үлесі және Республика күні мерекесіне орай Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Ақылбекова «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Парламент Сенатының Құрмет грамотасы барлық деңгейдегі депутаттарға табысталды.
ВЛАДИМИР БУБЕНКО, облыстық мәслихат төрағасы:
— Бүгінгі марапаттау биліктің депутаттық корпуспен өзара байланысының ерекшелігін көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысы барлық көрсеткіш бойынша қарқынды дамып келеді. Әсіресе ауыл шаруашылығында аймақ елде көш бастап тұр.
Жиын соңында жиналғандар естелік суретке түсті.