Экономика және қаржы

Петропавлда республикалық диктанттың жеңімпаздары марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде үздіктер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құрмет көрсетілген жандар – қаржы қауіпсіздігі бойынша өткен республикалық диктанттың өңірдегі жеңімпаздары. Ведомство қабырғасында ойы ұшқыр, білімі терең әрі өзгелерден тапсырмаларды жылдам орындаған 10 адам қошеметке бөленді.

Олар: оқушылар, студенттер және орта буын өкілдері. Қоса кету қажет, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған диктантқа 50 мыңнан астам жерлесіміз қатысты. Үздіктердің бірі – теріскейге Сыр елінен келіп, білім алып жүрген университет студенті Көркемай Жүсіпбек.

КӨРКЕМАЙ ЖҮСІПБЕК, диктант жеңімпазы:

— Диктант жайлы мұғалімдерден естідім. Қатысып, жеңіске жетіп отырмын. Қазір алаяқтар өте көп. Оларға ұрынып қалмас үшін әр адам білімін арттырып отыру қажет.