Мәдениет

Ақсақалдар ардақталды

Маңызды мереке қарсаңында Достық үйінде елдің дамуына сүбелі үлес қосқан ақсақалдар ардақталды. Көпті көрген қариялар алдында әншілер мен бишілер өнер көрсетіп, төбелерін көкке жеткізді. Әрдайым төрден орын алатын аға буын өкілдері – тәлім мен тәрбиенің, татулықтың, адал еңбектің ұйтқысы және үлгісі.

Бұл жандар қашан да құрмет-қошеметке лайықты. Салтанатты жиын барысында ортаға облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов шықты. Ол қарттардың қоғамдағы рөліне, өздерінің қатысуымен атқарылған іске тоқталды. Зейнеткерлер Мағжан атамыз сияқты заманауи жастарға сенім артады. Олар білімге көңіл бөлінген Тәуелсіз елдің болашағы баянды боларына сеніммен қарайды.

МАРАТ ЕРМҰҚАНОВ, СҚО Ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы:

— Үлкендердің ақылын ескерген кезде әртүрлі көзқараспен қарау керек. Ардагерлер партия жүйесімен жұмыс істеді. Соған үйренді. Ал қазіргі адамдардың, жастардың жүрегінде бостандық, дербестік болған жөн. Қазақ “Ақыл жастан шығады” деп бекер айтпайды.

“Сүйіспеншілікпен, алғыс сезіммен” атты шара марапаттау рәсімімен аяқталды. Ортаға еңбегі сіңген, елдегі бірлікті ту етіп жүрген бірнеше адам шығып, құрметке бөленді.

 

Байболат Құлтанов