Қоғам

Республика күніне орай ҚАЖД-ның 50 қызметкері марапатталды

“Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені”. Бүгін осындай атаумен Жастар сарайында Республика күніне арналған кезекті шара өтті. Оны облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары ұйымдастырды. Кейін жиналғандарды департамент бастығы Мұрат Нәкенов құттықтады.

МҰРАТ НӘКЕНОВ, СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы:

— Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Бұл күн – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі мен бірлігінің символы.

Кезек марапаттау рәсіміне де келді. Алдымен қошеметке сала ардагерлері бөленді. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін тәрбиелеген ата-аналары Алғыс хатпен марапатталды. СҚО бойынша ҚАЖД бастығының грамотасымен марапатталғандардың бірі – Азиза Мұқанова. Ағаларының жолын қуған нәзікжандының бұл салада еңбек етіп жүргеніне биыл 6 жыл толып отыр.

АЗИЗА МҰҚАНОВА, СҚО бойынша ҚАЖД №50 мекемесінің инспекторы:

Жергілікті университетімізде «Құқықтану» мамандығына оқыдым. Кейін бірден жұмысқа орналастым. Бақылаушы болып жұмыс істедім. Қазіргі уақытта №50 мекемесінде және әйелдер колониясында сотталғандарды босату және жұмысқа орналастыру жөніндегі инспектормын.

Жалпы, Республика күніне орай ұйымдастырылған шарада 50-ге жуық адам қошеметке бөленді. Шара мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Ақтолқын Солтанханқызы