Петропавлдық оқушы дүйім жұртты дүрліктірді! Ол полицияға өзі оқитын мектепке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу барлық жедел қызметтер – полиция, кинологтар және қауіпті дүниені залалсыздандыру жөніндегі мамандар жіберілді. Мұқият тексеру барысында күдікті зат табылған жоқ. Терроризм актісі туралы жалған ақпар таратқан тұлға анықталды. Ол – осы мектептің 14 жастағы оқушысы. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция мұндай әрекеттердің ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Заң бойынша айыпты адам 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалайды немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жазаға тартылады.