Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде ерекше атмосфера орнады. Мұнда білікті мамандар бас қосып, өз ісінің үздігі атану үшін бақ сынауда. Яғни, автомеханик, токарь, электрик және дәнеркерлеуші мамандар өзара мықтыны анықтауда. Олар қалалық “Үздік шебер-2025” кәсіби шеберлік байқауына қатысуда.
СҰЛТАН СӘЛІМОВ, ішкі саясат басқармасының бас маманы:
— 3 Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарын нығайту. Жастарға осы мамандықтарды көрсету.
4 түрлі сала бойынша сайысқа түсіп жатқан қатысушылар саны – 20. Араларында мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргені де, әлі де оқу оқып жатқандары да бар. Машина жасау және көлік колледжінде “Автомеханик” мамандығына оқып жатқан Егор Гольский жаңа ғана шина ауыстырды. Бұл іс ол үшін аса қиын болмаған. Себебі, сабақ барысында жиі ауыстырып отырады екен.
ЕГОР ГОЛЬСКИЙ, Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің студенті:
— Тапсырмалар аса қиын емес. Кішкентай кезімнен әкемнің жанында жүріп, көлік жөндедім. Осы мені мамандық таңдауға жетеледі. Оқуға түстім, бірден жұмысқа деген қызығушылығым оянды. Колледждегі жарыстарға қатыстым. Қазір аса қатты толқу жоқ. Барлық кезеңнен оңай өтемін деген ойдамын.
Шараға Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қатысты. Ол қатысушылардың жұмысымен танысты. Біраз уақыттан кейін үздік шеберлер де анықталды. Қатысушыларға мақтау қағазы берілсе, үздіктерге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Мәдина Қаби