СҚО әкімдігі

Дайындық ауылында мәдени-сауықтыру орталығы, балабақша және Мәдениет үйі қолданысқа берілді

Дайындық – өңірдегі үлгілі, алдыңғы қатарлы елді мекендердің бірі. Мұнда тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін бар жағдай жасалған.

ОРАЗБАЙ БЕКЖАНОВ, Дайындық ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

— Ауылда мешітіміз бар, Мәдениет үйі жаңадан салынды, ал ескі Мәдениет үйі қазір Жастар үйі деп аталады. Ауылымыз қазір арақ, оны-мұны ішуді қойды. Жастарымыз ұйымшыл, еңбекқор.

Бұл – мәдени-сауықтыру орталығы. Бұрын клуб болған ескі нысан қайта жаңғыртудан өткен. Мұнда аптасына бір рет ересектерге арналған би кештері ұйымдастырылмақ. Қалған күндері оқушыларға арналған түрлі үйірме жұмыс істейді. Ауылда қолданысқа берілген екінші нысан – балабақша. Ескісі 18 орынға ғана шақталса, жаңасы одан кең, бір мезетте 40 бала бара алады.

Ал мына Мәдениет үйі небары төрт айдың ішінде бой көтерді. Нысан 300 орынға арналған. Ауыл тұрғындары осы жерде өнер ұжымдарының концертін тамашалай алады, кинозал да жұмыс істемек.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Мәдениет үйі керемет. Не в каждом районе и в районном центре есть. Жаңа кірген бетте «Ауылым – алтын бесігім» деп жазылып тұрғандай, Біржан Абдульмановичке елін, алтын бесігін датымып жатқаны үшін алғысымды білдіремін.

Дайындық ауылы дамып келеді. Мұнда бірнеше жыл бұрын үй саны 30-ға жуықтаса, қазір 80-нен асады.

БІРЖАН ШАЙМЕРДЕНОВ, «Дайындық-Агро» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

— 2029 жылы ауылымыздың 100 жылдығы болады. Сол 100 жылдыққа 100 үй болса деп жоспарлап қойғанбыз. Алдында ала беретінбіз қайдан болсын. Көп үйлерді бұзып кетеді, қарамайды. Сондықтан, қазір бәрін тексеріп, қайдан келді, қайда істеген, сөйтіп барып қана алып жатырмыз.

Кәсіпкер өз қаражатына әлеуметтік нысандар ғана салып қоймай, 50 баспана тұрғызып, халыққа пайдалануға берді.