Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері темірдей тәртіп, жауапкершілік талап етілетін салада талай жыл еңбек еткен ардагерлермен жүздесті. Кездесу Республика күні және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Шараға «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбы берілген. Жиында аға буын өкілдері жастарға міндет пен офицерлік ар-намыс, адалдық туралы әңгімеледі. Кезінде заманауи техника көмегінсіз ауыр және күрделі қылмыстарды ашқан сәттерді еске алды. Сала ардагерлері арадағы байланыстың беки түскенін қалайды. Олар алдағы уақытта да жас шенділермен кездесіп, баға жетпес тәжірибелерімен бөлісуге даяр.