Кейбір жасөспірімдер жанжалды ақылмен емес, жұдырықпен шешкенді жөн көреді. Олардың барлығы бірдей мұның соңы жауапкершілікке әкелетінін білмейді. «Соққы жасау» мен «Жеңіл дене жарақатын салу» баптары Қылмыстық кодекске енгізілді. Яғни, жаза қатаңдады. Бұл туралы полицейлер колледж жатақханаларында тұратын бірінші курс студенттерімен кездесуде айтты. Жүздесу білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
— И если вы несколько ударов нанесли, здесь уже квалификация будет являться. Согласно заключению СМЭ, причинение лёгкого вреда здоровью. Здесь предусматривает санкция данной статьи от штрафа до 2 лет лишения свободы.
Сондай-ақ, қазір буллинг пен сталкинг үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұдан бөлек, полицейлер студенттерге есірткі сату мен «дроппер» қызметін атқарудың заңға қайшы екенін еске салды. Статистика бойынша 16-17 жастағы ұл-қыздар – негізгі тәуекел тобы.
9 ай ішінде облыста жасөспірімдер 20 қылмыс жасаған, сол үшін 25 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Олардың 22-сі – аталған жас санатындағы балалар, ал солардың жартысы – колледж студенттері. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, аймақта жасөспірімдер қылмысы 41 пайызға төмендегені байқалады.