Өндіріс ошағы өртке оранды! Қазанның 18-і күні Аққайың ауданы Тоқшын ауылындағы фанера өндіру цехында тілсіз жау бас көтерді. Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, от таңғы 8:25-те қайың шпоны толған қоймадан шыққан. Іргелес орналасқан ғимараттарға қауіп төнді. Өртпен 25 маман және 5 техника күресті. Қызметкерлер жалынды 3 жарым сағат дегенде әрең ауыздықтады. Нәтижесінде қосалқы 2 ангар аман қалды. Қуанышымызға орай, ажал құшу және жарақат алу фактісі тіркелмеді. Қазір оттың шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.