Рухани келісім күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында да жиын ұйымдастырылды. Шараға дін өкілдері, Ассамблея мүшелері, сала сарапшылары және жастар шақырылған. Олар өскелең ұрпаққа елдегі келісімнің маңызы турасында әңгіме өрбітті. Бүгінде қоғамда, әлеуметтік желілерде бұрыс жолды насихаттайтындар бар. Солардан сауысқандай сақ болу қажет. Бұл тұрғыда әсіресе ұл-қыздар оң мен солды таныған жөн. Сонда өздерінің мақсаттарына жетеді, ата-аналарының сенімін ақтайды.
ДӘУРЕНБЕК ЕҢБЕКОВ, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:
— Діни қызметкер болған соң, біздің міндетіміз – шариғаттағыны халыққа түсіндіру, өзіміздің дәстүрді насихаттау. Бұқар жырау бабамыз айтады: «Ей, айташы, Алланы айт, Аты жақсы Құдайды айт” дейді.