Құқық қорғау органдары

СҚО-да 9 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған

Солтүстік Қазақстан облысында «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 3 күннің ішінде тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегін анықтады. 120 шетелдік ел аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 9 жұмыс беруші “уақытша тұрғындардың” жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Полицейлер базарларды, құрылыс нысандарын, қосалқы шаруашылықтарды және шетелдіктер болуы мүмкін өзге де орындарды тексеріп жатыр. Мысалы, салынып жатқан ғимараттардың бірінде көрші елдің 2 тұрғыны анықталды. Тексеріс кезінде олардың Қазақстанда болу мерзімін бұзғаны белгілі болды.