— Здравствуйте! Инспектор БПП лейтенант полиции Акматов Рустам. У нас проводится разъяснительная акция о своевременном переходе на зимнюю резину.
Көктайғақ пен қақаған қыстың ауылы алыс емес. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жүргізушілермен тілдесіп, дөңгелектерін қысқыға ауыстыру қажеттігін айтуда. Мұндай шара «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында өтуде.
МЕЙІРБЕК МЕЙРАМ, Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:
— Жүргізушілерді дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға шақырамыз. Қауырт кезеңде жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау аса маңызды.
Тәжірибелі жүргізушілер дөңгелек ауыстыру бекеттеріне ерте барады. Олар көктайғақта жүру қаншалықты қауіпті екенін бес саусақтай біледі.
АЛЕКСЕЙ МАКОВЕЕВ, жүргізуші:
— Дөңгелектерді қысқыға ауыстыру – өте маңызды міндет. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сырғанамайсың. Қаланың ішінде бірден тоқтауға мүмкіндік береді. Барлығымыз талапты орындауымыз қажет.
Қысқы уақытта төтенше жағдайлар қызметтерінен ауа райының нашарлауына байланысты SMS-хабарламалар келіп жатады. Бұған жауапкершілікпен қарау қажет. Егер болжам адам өміріне қауіп төндірсе, сапарды кейінге қалдырған жөн.
Мәдина Қаби