16 қазан – Халықаралық нан күні! Осыған орай облыс әкімдігінің Тelegram арнасында Ғауез Нұрмұхамбетовтың құттықтауы жарияланды. Аймақ басшысы қазақ халқы үшін ас атасының орны бөлек екенін, оның қадірі мен қасиеті әрдайым биік тұратынын жазды. Сонымен қатар, құттықтауда өлкеміздің еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі жетекші өңірлерінің бірі екені жазылады. Бұл – облыстың құнарлы жерлері, заманауи технологиялар мен білікті мамандардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Еңбек майданында аянбай тер төгіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барлық аграрийлерге, механизаторлар, наубайшыларға және өңдеу саласының мамандарына шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз – халқымыздың тыныштығы мен өркендеуінің кепілі. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға мол бақыт пен береке тілеймін.