Қоғам

Кеше – заңгер, ал бүгін – кондитер

Қалауын тапса, қар жанар! Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны Рысхан Сәрсекеева “Caramel” асханасын ашты. Бір қызығы, кәсіпкер бұрын сот орындаушысы және жеке компанияда заңгер болып еңбек еткен. Декреттік демалыс кезінде жұмысын түбегейлі өзгертуді жөн көріпті. Азаматша биыл жергілікті Мансап орталығының 1 576 000 теңге көлемінде грант иегері атаныпты. Қаржыға пеш, араластырғыш, блендер, қамыр илегіш және тоңазытқыш дисплейі сатып алынған. Осылайша, 2015 жылдан ойда жүрген идея облыстық Кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік қолдауы мен консультациялық көмегінің арқасында жүзеге асырылды.