Сапалы автохимия мен көлігіңізге қосалқы бөлшек іздеп жүрсіз бе? Онда сіз “Автомаркет” сауда желісіне жүгіне аласыз. Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы техникалық орталықта барлық автокөлікке арналған май мен машинаның салқындату жүйесіне құйылатын арнайы сұйықтық сатылады. Жалпыға түсінікті тілмен айтсақ – антифриз. Дүкен тұтынушыларына 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді. Іші көлікке қажетті тауарға толы.
ЕВГЕНИЙ КОВЗАЛОВ, “Автомаркет” техникалық орталығының сату жөніндегі менеджері:
— Егер сіз біздің дүкеннен май немесе антифриз сатып алсаңыз, оны бірден сол жерде ауыстырып береміз. Бұл қызмет тегін. Дүкенде керектінің бәрі бар. Сонымен қатар, “ВАЗ” маркалы автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектердің түр-түрін сатамыз. Сатып алушыларға 5 білікті маман көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда орталықта “ВАЗ” маркалы автокөліктердің қосалқы бөлшектеріне 10 пайыздық жеңілдік жүріп жатыр. Түсірілім барысында нысанға келген сатып алушылармен тілдестік. Рөл тізгіндеуші жандар мұнда бәрі ұнайтынын жеткізді.
ҚАЙЫРЖАН ҚАРҒАБАЕВ, қала тұрғыны:
— Автокөлігіме қажетті қосалқы бөлшектер мен майды тек “Автомаркеттен” сатып аламын. Бәрінен бұрын машинаның майын өздері ауыстырып беретіндері ұнайды. Мұнда келіп жүргеніме 5 жылдан асты. Барлығы сапалы, келгеніме еш өкінген емеспін.
Техникалық орталықтың бірінші қабатында сұйықтық пен май ауыстыру сервисі жұмыс істейді. Мұндағы білікті мамандар қызмет көрсетіп қана қоймай, жүргізушілерге кеңес береді. Тіпті, механиктер жарықшамдарды реттеп, компьютерлік диагностиканы да жөндей алады. Сонымен қатар, мұнда автоэлектрика және слесарлық қызмет те көрсетіледі.
КОНСТАНТИК ВОЛКОВ, “Автомаркет” техникалық орталығының май ауыстыру жөніндегі шебері:
— Біз орталыққа келген жүргізушілермен тілдесеміз. Мәселен, әр көлікке құятын тиісті май мен антифриз болады. Азаматтардың кейбірі оны білмей кез келген сұйықтық құя салады. Тиісінше, бұл машинаның моторына зақым келтіреді. Мамандар осы тұрғыда рөл тізгіндеген жандарға кеңес береді.
Арнамыздың түсірілім тобы сауда желісінің екінші нүктесіне де барып көрді. Бұл орталық та алғашқысымен бірдей. Тек одан 2 жыл бұрын ашылған. Айта кету керек, нысан Жамбыл Жабаев көшесі, 266 мекенжайында орналасқан. Ғимараттың ішінде көлікке қажеттінің бәрі бар. Мұнда да көлікке арналған май немесе сұйықтық сатып алсаңыз, мамандар сол жерде бірден ауыстырып береді.
Нұрасыл Ахмет