Мәдениет

“Салтанат” би ансамблінің мүшелері өңір бишілеріне шеберлік сағатын өткізді

Алматылық “Салтанат” би ансамблінің мүшелері өңірге гастрольдік іс-сапарлары аясында бишілерге шеберлік сағатын өткізді. Білікті мамандар жергілікті әріптестеріне “Би ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларының құрылымы”, “Халықтық сахналық би” және “Қазіргі заманның қазақ биі” тақырыптарында теориялық және практикалық сабақ ұйымдастырды. Үш сағатқа жалғасқан шарада би өнерінің қыр-сыры талқыланды. Шеберлік сағатына тыңдаушы ретінде 50-ге жуық өнерпаз қатысты.

САМАТ ЖҰМАЖАНОВ, “Туған жер” ансамблінің балетмейстері:

— Бүгін біз “Салтанат” би ансамблінің тарихымен таныстық. Көркемдік жетекшісімен жеке таныспын. Түрлі республикалық сайыстарда кездескенбіз. Қазіргі дәрістен өзімізге қажет көптеген мағлұмат аламын деп сенемін. Өкінішке қарай, ансамбльдің барлық қатысушысы келе алмады. Жалпы, мұндай шеберлік сабақтары өңірімізде көп бола қоймайды, сол себепті білікті ұстаздардан білім алу кез келген жас маманның арманы деп ойлаймын.