Құқық қорғау органдары

Қызметіне адал тәртіп сақшысы

Мамлют ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қадырбек Исиннің ерлігі ел аузында жүр. Ол жуырда төтеншеліктермен бірге жасөспірімді суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды. Жеткіншек балық аулап отырған кезде қайығы аударылып кеткен екен.

ҚАДЫРБЕК ИСИН, Мамлют ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы:

— Көлге келсем, балалар жүр екен. Олар маған баланың суда тұрғанын айтты. Бірден суға кіріп, баланы алып шықтым.

Қадырбек Исин көктемде ер адамды өрттен құтқарды. 43 жастағы үй иесі шылым шеккен күйі ұйықтап кеткен.

— Василий Юрьевич! Берегите себя, будьте осторожны!

— Спасибо вам большое.

Екі жағдайда да полиция майоры өз басын қатерге тіксе де адам өмірін құтқаруды парызы санайды. 38 жастағы бес баланың әкесі: “Адамдарға қауіп төнген сәтте көмек көрсету – полицейдің басты міндеті,- дейді.

— Берегите себя, будьте осторожны. В любое время звоните, Кадырбек. Работаем ради народа. Собаку привязали, нормально всё?

Қазір Қадырбек Исинді елордада ерлігі мен адал қызметі үшін марапаттау мәселесі қарастырылып жатыр.