Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болды. Кешегі Ақан серілердің жолын жалғаған өнер иесі орта буын оқушыларымен жүздесті. Кездесуде ұлттық өнер, ұлттық болмыс жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, дарынды жан жастарға қара домбыраның қасиеті жайлы айтты, музыкалық аспапқа қатысты сұрақтар қойды. Шараның арқасында ұл-қыздардың таным көкжиегі кеңейді.
ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері, дәстүрлі әнші:
— Қазір жастарымыз ұлттық дүниеден алыстап барады. Өзіміздің ұлт ретіндегі бейнемізді сақтап, өркениетке қосылуымыз қажет. Бұны Президентіміз де, Үкіметтегі жандар да айтады. Бұл осындай кездесулер арқылы жүзеге асады деп ойлаймын.