ҚоғамҚұқық қорғау органдары

«Береке» шағын ауданындағы айналма жол бойынша түсініктеме

«Береке» шағын ауданындағы айналма жолға қатысты әкімшілік полиция басқармасы өкілдері түсініктеме берді. Жақында бұл жерге тиісті белгі қойылды. Онда жалпыға ортақ талап тайға таңда басқандай көрінеді. Дегенмен, кейбір жандар бұрынғысынша жүріп, ереже бұзып жатыр. Осыған орай тәртіп сақшылары бастама танытты. Мамандар айналма қозғалыс аумағында таңғы және кешкі қарбалас уақытта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілік атқаруда. Шенділер жүргізушілерді мұқият болуға шақырады.

АСАН МОЛДАЖАН, Петропавл қалалық ПБ мемлекеттік автоинспекторы:

— Әуезов көшесі жағымен келген кезде Малая көшесі Байболов көшесіне дейін басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда қажетті жол белгілері орнатылды.