Адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында әр өңірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмыс істейді. Облыста жыл басынан бері азаматтардан 150-ден астам арыз-өтініш қабылданған. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де, сотталған жандар да бар.
РИММА АБДРАХМАНОВА, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша бас маманы:
— 145 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. 12 өтініш бойынша құқықты іске асыруға жәрдем көрсетілді. Өтініш берушілердің өтініштері қанағаттандырылды.
Одан бөлек, азаматтардың құқықтарын жедел қорғау мақсатында 64 жеке қабылдау, оның ішінде 59-ы сотталғандармен жүргізілді. Өкілдік кеңесінде 40-тан астам азамат құқықтық көмек алды. Олардың көпшілігі – кеңес беру және түсіндіру сипатындағы қолдау.
РИММА АБДРАХМАНОВА, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша бас маманы:
— Есептік кезеңде уәкіл мандатына жататын мекемелер мен ұйымдардағы ұстау және тұру жағдайларын бақылау мақсатында 61 мониторинг шығу жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, өткен жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлік өкілдерінің құқықтық ағарту іс-шаралары жүргізілді. Оған 300-ден астам азамат қатысты.