Жылыту маусымы басталғалы облыстың тұрғын үй секторында 13 өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан 2 адам қаза тапты және 1 млн теңгеден астам материалдық шығын келді. Бұл жайлы баспасөз конференциясында Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Аслан Ахметжанов айтты. Ертең өңірде 2 айға созылған өрт қауіпсіздігі науқаны қорытындыланады. Қауырт кезеңде мамандар алдын алу бағытында ауқымды шаруа атқарған.
АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
— Департамент мамандары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тізімін жасады. Бүгінгі таңда есепте 5 781 үй бар. Оларда 24 жарым мыңнан астам адам тұрады. Осы жандардың бас амандығын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер әр баспанаға барды, жағдаймен танысты және қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, улы газды тіркеп, дабыл қағатын мыңнан астам датчик орнатылды. 526 пеш тазартылды. Статистика өспеу үшін біз жүйелі жұмысты жалғастырамыз.