Қоғам

Солтүстікқазақстандықтарға жаңа Салық кодексі түсіндірілді

Облыс орталығында жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті. Шараның басты мақсаты – бизнес субъектілеріне және қарапайым азаматтарға салық кодексіндегі жаңалықтарды кеңінен түсіндіру. Сонымен қатар, олардың сұрақтарына тікелей жауап беріп, мемлекеттік салық саясатының ашық әрі әділ екенін көрсету. Семинарда жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, сондай-ақ, мүлік және жер салығы сынды негізгі бағыттар кеңінен қамтылды. Айта кету керек, басқосуды Re.Women әйелдер қоғамдастығының облыстық филиалы ұйымдастырды.

СВЕТЛАНА КИМ, аудитор, бизнес-тренер:

— Бұған дейінгі заңда табысы 1 млн теңгеден асқандардың барлығы «жеке кәсіпкер» ретінде тіркелетін. Енді мемлекет өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің табысы 15 млн теңгеден аспаса «жеке кәсіпкер» ретінде тіркелуге міндеттемейді. Тіпті салықтан да босатылады. Тек өзінің жеке зейнетақы қорына, әлеуметтік және медициналық сақтандыруға жалпы табысының 4 пайызын төлеуі тиіс. Бүгінгі жиында осы туралы сұрақтар көп қойылды.