Экология

“Эко IQ: Таза Қазақстан” зияткерлік ойыны

Білгірлер бәйгесі! Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде “Эко IQ: Таза Қазақстан” зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Республикалық бастама аясында өткен шараға қаламыздағы орта арнайы білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Олар командаларға бөлініп, 2 кезеңнен тұрған сайыста мықтыны анықтады. Алғашқысында қыз-жігіттер қоқысты кәдеге жарату бойынша сұрақтарға жауап берді, ал екіншісінде сөз тіркестерін дұрыс құрады. Ойында жылдамдық назарға алынды. Соңында үздіктер ұпай бойынша анықталып, шағын сый-сыяпатқа ие болды.