Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Шара Мағжан Жұмабаев атындағы саябақта өтті. Сенбілікке жастар мен қоғам белсенділері де атсалысты.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Бүгін үлкен мереке. Мағжанның ескерткіші тұрған жерді көркейту – біздің басты міндетіміз.
Былтыр мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды экологиялық шара өңірімізде белсенді түрде өткізіліп келеді. Мақсат – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, облыс әкімінің орынбасары:
— Қалада еңбек ұжымдары мен тұрғындар өз аулаларын тазартып, ағаш отырғызуда. Мағжан Жұмабаев атындағы саябақта 150-ден астам ағаш отырғызылады. Бүгін қала бойынша – мың, облыс көлемінде 10 мыңға жуық ағаш егу жоспарлануда. Акцияға шамамен 23 мыңнан астам адам қатысуы тиіс.
Жалпы, биыл өңірде 110 мыңнан астам көшет егілген. Меже – 130 мың.
Ақтолқын Солтанханқызы