“Таза Қазақстан” акциясы аясында “Жұмысшы” кентіне жиылған жұртшылық суағарлардың тазалығына мән берді. Сенбілікке қатысушылар кәріздік желінің 16 шақырымын қоқыстан аршыды.
НИКИТА ЗАБАВИН, коммуналдық кәсіпорын қызметкері:
— Суағарлар адам тастаған қоқысқа әбден толып қалған. Бітеу желімен жаңбыр жауғанда, қар ерігенде су өтпейді. Салдарынан айналаны су басуы мүмкін. Тұрғындарға айтарымыз, қоқысты суағарға емес, қоқыс жәшігіне апарып салу керек.