Экология

“Таза Қазақстан”: облыс орталығында мың ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы “Жас өркен” шағын ауданында да ұйымдастырылды. Мұнда негізінен жеке кәсіпкерлер қатысты. Іскер азаматтар саябақ аумағын қоқыс пен қураған жапырақтан тазалады. Содан кейін 20 шырша ағашын отырғызды. Жалпы, акция аясында бір күнде облыс бойынша 10 мыңға жуық ағаш егілсе, соның мыңы облыс орталығында отырғызылды.

ҚАНАТ ТЕМЕШЕВ, қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

— Қаламызда мұндай акциялар жиі өтіп тұрса жақсы болатын еді. Қаламыз көркейеді, маңайымыз да жиналып қалады.