Облыс әкімі Қызылжар ауданындағы бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстарын байқап қайтты. Қазіргі таңда Тепличное және Прибрежное ауылдарында жер қазу жұмыстары аяқталып, қорғанысты нығайту шаралары бастау алған. Істің сапасы мен орындалу мерзіміне басты назар аударылып отыр. Ал келесі жылы Прибрежное ауылында көпір өткелімен бірге автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмек.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Құрылыс барысының әр кезеңін тұрақты бақылауда ұстауды Қызылжар ауданының басшылығына тапсырдым. Сондай-ақ, Прибрежное ауылындағы көпір өткелімен бірге автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту мәселесі де бақылауымда. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастауды жоспарлап отырмыз.