Петропавл қаласына Ресей Федерациясының Қорған облысынан келген делегация Солтүстік Қазақстан өңірі үшін маңызды нысандарды аралады. Сапар барысындағы негізгі аялдамалардың бірі – заманауи «Зеленый Север» жылыжай кешені. Қонақтарға өңірдегі баламасы жоқ бұл жылыжайдың жұмысы таныстырылды. Кешен жыл бойы солтүстікқазақстандықтарды жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етіп қана қоймай, өз өнімін облыстан тыс аймақтарға да жеткізеді.
— А поставляете куда продукцию? – 90% мы реализуем в СКО. Вся наша производительность, весь объём, который мы можем произвести – это всего 30% от потребностей области. – А вот так вот? – Да.
Сапар аясында делегация «Радуга» компаниясының жұмысымен де танысты. Қонақтарға мұнда өндіріс процесі – шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезең егжей-тегжейлі көрсетілді. Кәсіпорын өкілдері алдағы жылдары жүзеге асырылуы жоспарланған жаңа жобалар туралы айтып берді. Қорған облысының губернаторы өндірістің ауқымы мен бірегейлігіне жоғары баға берді.
Вадим Шумков, Ресей Федерациясының Қорған облысының губернаторы:
— Самое главное, вы идете первопроходцами. С паром, я так понимаю, это первый в Республике проект, правильно? Обуздать пар, и использовать его в производстве. Молодцы.
Сондай-ақ, меймандар Үстел теннисі орталығына барды. Қазір мұнда ондаған жас спортшы жаттығады. Орталықтың спорттық алаңдары халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық сай келеді.
Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— И как раз, где-то в декабре я, наверное, там был, потом ребятам показал, Ирине Анатольевне, вот она масса действительно этого дела, любит свою профессию, ребята говорят, нам обязательно надо. Мы немножко здесь усовершенствовали, да, сцену брали, вот, 24 стола оставили. Здесь можно трибуну, здесь можно проводить все международные соревнования. А сколько по времени строили? Год. Мы начали его строить в декабре 2023 года. И мы в ноябре 2024 года его сдали. А кто строил? Наш местный подрядчик. Опять местный подрядчик. Наверху подымались? Нет. Пойдемте я покажу.
Спорт нысанынан кейін делегация «Qyzylzhar» креативті орталығына ат басын бұрды. Қонақтарға жас дизайнерлер, суретшілер мен музыканттар еңбектенетін шығармашылық кеңістіктер, шеберханалар мен студиялар көрсетілді. Орталықтың жетекшісі креативті экономиканы дамыту бағыттары және өңірде жүзеге асырылып жатқан жаңа мәдени бастамалар туралы баяндады.
Нұргүл Болатова, Қызылжар креатив орталығы креативті индустрияларды дамыту бөлімінің басшысы:
— Эта здание построилась еще во время строительства ТЭТ-2 для обеспечения доступа и культурной деятельности жителей города ИСРСР. В 2002 году было реконструировано в Северо-Казахстанской областной динамической театре имени Сабиты Муханова. И вот в 2024 году, после полной реконструкции, получил новое дыхание, став новым креативным центром. Вообще в Казахстане в креативной экономике относятся 43 вида экономических деятельностей по 12 направлениям. Но мы сосредоточены на 5 основных, которые актуальны именно для нашего региона.
Сапардың қорытынды бөлігі Креативті орталықтың концерт залында өтті. Қонақтар алдында есту қабілеті шектеулі өнерпаздардан құралған ерекше «Sensitive» би театры өнер көрсетті. Бұл ұжым – бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері әрі көрермен жүрегін баураған шығармашылық топ.