Мәдениет

Жәлел Қизатовтың туғанына – 105 жыл

Атақты тұлға, Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың туғанына – 105 жыл. Жерлесіміздің мерейтойына орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Қызылжардың батыр ұлы” атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, колледж бен университет студенттері қатысты. Мұнда жастарға қоғам қайраткері жайлы айтылып, оның ерлігін дәріптелді.

АСАНӘЛИ ЖАНАТҰЛЫ, М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:

Тарихшылар ретінде бұл кісінің еңбегімен мақтанамыз. Біз ең алдымен облысымыздан шыққан ұлы тұлғалардың тарихын зертеуді басты мақсат санауымыз керек.

Кездесуде суденттерге жерлесіміз жайлы тың деректермен облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова бөлісті.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры:

1957 жылы саясатқа қарсы шыққан. Сол үшін жұмыстан қуылған. Сонымен қатар, оның Петропавлда 7 жылдық мектепті бітіргенін енді біліп тұрмыз.

Сондай-ақ, кешке қаламгер кезінде білім алып, үздік тәмәмдаған Покровка ауыл шаруашылығы техникумының өкілдері қатысты. 2011 жылы бұл оқу орнына Жәлел Қизатовтың есімі берілген болатын. Бүгінде білім ордасының тарихы 100 жылдан асады.

АЯУЛЫМ АБЫЛХАЛИМОВА, Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шарушылығы колледжі директорының орынбасары:

Біздің колледжіміз Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың атымен аталғанына мақтанамыз. Қазіргі таңда оқу ордасында 500-ге жуық ұл-қыз білім алады. Алдағы уақытта қаламгердің 105 жылдығына орай колледж қабырғасында дөңгелек үстел жиынын өткізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда Жәлел Қизатовтың ұрпағы Қызылорда облысында тұрады. Жерлесіміз оңтүстікте қызмет етіп, елге сыйлы болған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы