Қоғам

СҚО-да жыл басынан бері 13 діни заңбұзушылық анықталды

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізген петропавлдықты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұрын басы істі болған ер адамға ескерту берілді. Екіншісіне айыппұл салынды. Интернетте діни мазмұндағы фото мен видео таратқан ер адам дәл осы қылығы үшін өткен жылы ғана жауапкершілікке тартылған екен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды тарату тек діни ғимараттарда, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі.