Мәдениет

Петропавлға қорғандық өнер ұжымы келді

Сахнада – Қорған қаласынан келген өнер ұжымы. Олар көрермендедің назарына орыс жазушысы Александр Островскийдің “Гроза” пьесасын ұсынды. Басты кейіпкер – Катерина деген ару. Ол – еркіндікті аңсаған, бірақ қоғамның ескі түсініктерінен құтыла алмаған әйел. Ресейлік өнер ұжымы Петропавлдағы қойылымға жоғары деңгейде даярланған. Олар тіпті декорацияның барлығын өздерімен бірге ала келіпті. Туынды Қорғанда танымал, сұранысқа ие қойылымдардың бірі екен.

ЕГОР ГРИШИН, драма театрының бас режиссёрі, Қорған қаласы, РФ:

— Спектакль махаббат пен сатқындық және адамның жалғыздықпен күресі жайында. Негізі, әр көрермен өзі қалаған дүниені көреді. Содан белгілі бір ой түйеді.

Өнер ұжымы Петропавлға «Достық көпірі» жобасы аясында табан тіреген. Жуырда теріскейлік өнерпаздар да Қорған қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты. Олар жергілікті өнерсүйер қауымға “Шоқан. Монолог шепотом” қойылымын ұсынды.

ТИМУР КӘРІМЖАНОВ, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

Шоқанның өмірі – Қазақстан мен Ресей мәдениеттері арасындағы көпір іспеттес. Ол туралы қойылым қорғандық көрерменге терең ой мен ерекше әсер қалдырды. Бізді сахнадан ұзақ уақыт бойы жібермей, қайта-қайта қол соқты.

Жалпы, “Гроза” спектаклі Петропавл сахнасында алғаш рет 1918 жылы қойылған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы