Аптадағы маңызды жаңалықтарСпорт

Облыс әкімі Петропавлда әлеуметтік және спорттық нысандардың құрылысын тексерді

Өңір басшысы Петропавлдағы негізгі құрылыс нысандарымен танысты. Олардың бір бөлігі биыл аяқталмақ. Алғашқы нысан спортшылар көптен күткен – жаңа мұз аренасы. Құрылыс жұмыстары қаңтар айында басталған, бүгінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Аумағы 6 мың шаршы метрден асатын нысанда хоккей алаңы, бассейн және шағын футбол залы болады. Мердігерлердің айтуынша, негізгі құрылымдар дайын, ішкі әрлеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Облыс әкімі нысанның сапасына және мерзіміне ерекше көңіл бөлді. Аренаны желтоқсан айының басында тапсыру жоспарланып отыр. Құрылыс алаңына келген жергілікті спортшылар мен жаттықтырушылар болашақ аренаның ауқымын жоғары бағалады.

— У нас север Казахстан – мы обязаны бегать на коньках, лыжах и так далее. И вот это вот – это огромная благодарность вам, потому что за такое короткое время вы действительно заинтересованы – это приятно. Петр Александрович, самое главное, это благодарность не сколько мне, это самое главное, это в первую очередь мы должны благодарить нашего президента. Почему? Потому что сегодня это все согласно его поручению, сегодня и по футболу, и по другим, сейчас мы один из проектов вам презентуем. Я хотел бы, чтобы вы, в первую очередь вы, которые являетесь людьми, которые поднимали флаг на всех олимпийских играх, да вот поднимали флаг нашего Казахстана, участвовали, представляли Северо-Казахстанскую область, чтобы вы именно видели какое поручение нам дает президент и как мы его реализуем».

Спортшылар жаңа кешеннің қысқа спортты дамытуға және жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Шайбалы хоккей жаттықтырушысы Рафаил Сингатуллиннің айтуынша, жаңа аренаның ашылуымен чемпионаттарға үздіксіз дайындалып, барлық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Ал 20 жыл коньки спортымен айналысатын Роман Креч қазіргі және келер ұрпақ үшін қуанатынын айтты. Өзі де болашақта жаттықтырушы ретінде спортқа оралуды ойлап жүр екен.

Роман Креч, спортшы:

— Винокуров спорт сарайы – өздеріңіз көріп тұрғандай, толып тұр, кесте толық. Мұнда спортшылар, балалар мен жасөспірімдер мектептері, әуесқойлар жаттығып жүр. Сұраныс өте жоғары. Жаңа спорт аренасы қаламыз үшін үлкен көмек болады, бұл – жақсы инвестиция».

Келесі нысан – Петров көшесінде салынып жатқан 280 орындық балабақша құрылысы. Бұл – шағын аудан үшін аса қажет әлеуметтік нысандардың бірі. Қазір мұнда әрлеу және абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын арада жабдықтар мен жиһаздар орнатылатын болады. Құрылыс басқармасының басшысы қаржыландыруда мәселе жоқ екенін, нысанды желтоқсан айының ортасында тапсыру жоспарланып отырғанын айтты.

Қайролла Ғалеев, СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

— Қаржыландыру 100% қамтамасыз етілген, сондықтан бұл жағынан мәселе жоқ. Қазіргі уақытта жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, кешігулер жоқ. Бұл нысанды 14 желтоқсанда тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жиһаз, жабдықтар дайындалып жатыр. Абаттандыру жұмыстарын бастадық. Қосымша 40 шырша отырғызылады, сізге таныстырғандай, сол жақ бетке қосымша 40 шырша отырғызуды жоспарлап отырмыз.

Бұдан кейін облыс әкімі Крепостной мен Назарбаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан 180 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Бұл ауданда ескі жер үйлер сүріліп, жаңа көпқабатты үйлер бой көтереді. Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Қопай шағын ауданына барды. Мұнда 283 мың шаршы метрді құрайтын 29 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Кейбір нысанның құрылысы аяқталуға жақын.

— Дом 9-этажный, квартирный, акт ввода, можно сказать, подписан, объект готов к приему и заселению. Вот в таком состоянии у нас все квартиры? Все квартиры, 100%. Можно проехать, посмотреть для убеждения. Мы сейчас на восьмом этаже были, в хорошем состоянии находится. Вы посмотрели. Мы благоустройство сделаем, то, что вы сказали. Благоустройство сейчас сделается до 15-го числа. В принципе, вы с 20-го числа начнете объявлять. До 15-го благоустройства мы все закончим. – Да, так, закончим.

Бүгінде өңірде ондаған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Аймақ басшысы барлық жобалар уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс дейді.