Білім мен ғылым саласындағы халықаралық байланыс! Петропавлға Малайзияның танымал университеті – Путраның профессорлары мен оқытушылары келді. Олар өңір ұстаздарымен тәжірибе алмасып, өзара әріптестік орнатуды көздейді.
Лили Абдулла, Путра университетінің профессоры, Малайзия:
— Біз елімізде IT саласы, оның ішінде жасанды интеллектінің қалай дамып жатқаны жайлы айтудамыз. Бұл саланы жетік меңгеру үшін міндетті түрде ағылшын тілін білу қажет. Өйткен, ағылшын – бүкіл әлемдегі білім пен ғылымға жол ашатын тіл. Қазақстанға алғаш келіп отырған жоқпын. Осымен төртінші рет келуім. Алдағы уақытта да тәжірибемізбен бөлісу үшін бағыт-бағдар алатын боламыз.
Малайзиялық делегация өңірдегі бірқатар мектеп пен кәсіби даму орталықтарын да аралап, оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеді. Шетелдік мамандар Қазақстандағы технологиялардың даму деңгейін жоғары бағалады.
ӘМИНА ТАЙЛАНОВА, “Өрлеу” БАҰО АҚ СҚО бойынша филиалының кафедра меңгерушісі:
— Оқушылар өздерін инженер, IT бағытында дамытады, қалай жаңа мектеп сала алатынын біледі. Пайдалы кездесу.
“Өрлеу” орталығының филиалында өткен шара соңында өңір ұстаздарына білікті арттыру жөніндегі сертификат табысталды.
Мәдина Қаби