Өзінің гаражын жинап жүріп оқ-дәрі тауып алды. 89 жастағы петропавлдық атыс қаруына арналған 150 патронды көргенде жағасын ұстапты. Ол бірнеше қорапшаға салынған жарты келі оқ-дәрінің гаражында қалай пайда болғанын білмей дал. Белгілісі, табылған дүние кеңес дәуірінен қалған көрінеді. Қария олжасын дереу тәртіп сақшыларына тапсырған. Осы орайда полиция қызметкерлері тұрғындарға тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау заң жүзінде жауапкершілікке тартылатын еске салады. Биылдың өзінде өңірде заңсыз айналымнан 150-қа жуық тіркелмеген қару тәркіленген.
ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
— Полиция облыс тұрғындарын тіркелмеген атыс қаруын және өзге де тыйым салынған заттарды ерікті түрде ішкі істер органдарына тапсыруға шақырады. Мұндай заттарды өз еркімен тапсырған және тексеру шараларынан кейін заңсыз әрекет жасамаған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.