Балалар

“Жас Өркен” шағын ауданында салынып жатқан 280 орындық балабақша биыл тапсырылуы тиіс

«Жас Өркен» шағын ауданындағы 280 орындық балабақша құрылысының 80 пайызы аяқталды. Мамандар қазір сыртқы әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстарына кіріскен. Нысанның құрылысы – аманаттықтардың бақылауында. Жоспарланған жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 70 адам жұмылдырылған. Нысан биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс. Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа балабақша қарқынды дамып келе жатқан шағын аудан үшін маңызды әлеуметтік нысан болмақ. Оның ашылуы өзге мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.