Қоғам

Жаңа Салық кодексі: камералдық бақылау ескерту сипатында болады

Жаңа Салық кодексі жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында да айтылды. СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері өзгерістер мен толықтырулардың бизнеске қаншалықты тиімді екенін баян етті. Құжат әр кәсіпкерге алға жылжуға мүмкіндік береді. Мысалы, кейбір тұлға қазынаға қаржы аудара алмай қалуы мүмкін. Мұндай сәтте мемлекеттік органдар “түсіністік” қағидатын ұстанады.

ЖАНАТ ЖҰМАБЕКОВА, СҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

— Камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп-бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетілуде. Берешек аз болған жағдайда бизнес шоттарына тыйым салынбайды. Хабарламалар мен шаралар борыш сомасына қарай кезең-кезеңмен қолданылатын болады.

Салық төлеушілер мен жеке тұлғаларда жаңа Салық кодексіне қатысты сұрақтар болуы мүмкін. Егер сауал туындаса, алдағы өзгеріс толық қамтылған СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттарына назар аудару қажет.

 

Байболат Құлтанов