Ауыл шаруашылығы

СҚО-да орақ науқаны 85 пайызға аяқталды

Облыста күзгі жиым-терім жұмыстары аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары берген мәліметке сүйенсек, диқандар орақ науқанын 85 пайызға аяқтаған. Бастырылған астық көлемі 4 жарым млн тоннаға жуықтайды. Шығымдылық көрсеткіші 19 центнерден асып жығылады. Осы ретте статистиканың күн сайын артып келе жатқанын көре аламыз. Қазіргі таңда еңбеккерлер майлы дақылдарға оруға кіріскен. Мұндағы берекелік – 11 центнер. Астық қабылдау орындары да күн-түн демей жұмыс істеуде. Оларға бүгінге дейін 1 жарым млн тонна ырыс дәні жеткізіліпті. Бұл жалпы сыйымдылықтың 47 пайызын құрайды. Ылғалдылық көрсеткіші орташа есеппен алғанда 15-17 пайызға тең. Оған ауа райының қолайсыздығы әсер етіп отыр.