Петропавлдықтардың назарына! Осы сенбі, қазанның 11-і күні облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтеді. Тазалық шарасы “Таза Қазақстан” акциясы аясында ұйымдастырылады. Көшелер мен аулаларды көріктендіру жұмысына кез келген азамат қатыса алады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары осы жолы да белсенділік танытады деген сенімде.