“Оңай” жұмыс орға түсірді. Онлайн-дүкенге синтетикалық есірткі ораушы болып қабылданған 32 жастағы петропавлдықтың әрекеті бір ай өтпей әшкере болды. Жедел уәкілдер оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон мен α-PvP заты бар бірнеше пакет тәркілеген. Ал жасырын қоймадан жарты келіден астам синтетикалық есірткі табылыпты. Бұл Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері тәркіленген синтетикалық есірткінің ең ірі партиясы болып саналады. Сот ер адамды аса ірі көлемде есірткі сатқандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жалпы, биыл облыста заңсыз айналымнан 700 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның 4 жарым келіден астамы – синтетикалық түрі.