Өңір полицейлері “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасы аясында медицина саласында әкімшілік заңнаманы бұзудың 18 дерегін анықтады. 13 медицина қызметкеріне қатысты материал жиналды. Құрамында есірткі бар мың таблетка, 8 мыңнан астам психотроптық таблетка және мыңнан астам ампула тәркіленді. Рейд аясындағы тексеріс 40-қа жуық медициналық мекемеде жүргізілді. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында 5 құқықбұзушылық әшкереленді. 280 келіден астам прекурсордың айналымы шектеліп, 5 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Барлығы – 30 кәсіпорын мен 90-ға жуық көлік құралы тексерілді.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
— 22-26 қыркүйек аралығында СҚО аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ, улы және күшті әсер ететін дәрілік препараттардың заңды айналымын бақылау.