Ескендір Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері шеберлік сабағын өткізді. “Аспаз-кондитер” мамандығы бойынша оқитын жастармен жергілікті 3 мектептен келген 9-сынып оқушылары қауышты. Қонақтарға тоқаштың қамырын әзірлеу және оның пішіндерін жасау жолдары айтылып, тәсілдері көрсетілді.
АЛИСА ВЕСЕЛОВА, Е. Даутов атындағы Петропавл қаласы қызмет көрсету саласы колледжінің студенті:
— Бұл мамандықты өзім таңдадым. Біз 1-ші курста тәтті бәліш жасау жолын үйрендік. Ал 2-ші курста қамырмен түрлі тағамдар дайындаудамыз. Оны қалай ашыту және илеу керектігін меңгердік, бауырсақ пен тоқаштар пісіреміз. Оқуымды аяқтаған соң қолымда 2 дипломым болады. Біреуі – аспаз, енді бірі – кондитер.
Мұндай шеберлік сабақтары қалалық кітапхана қабырғасында “Жұмысшы мамандықтар” жылы аясында жиі ұйымдастырып тұрады. Мақсат – оқушыларды еңбекке баулу, олардың қызығушылығын арттыру. Колледж өкілдері бұған дейін болашақ шаштараздарды әкеліп, мамандықтың қыр-сырымен таныстырыпты.
ЖҰЛДЫЗ ЫСҚАҚОВА, Е. Даутов атындағы Петропавл қаласы қызмет көрсету саласы колледжі директорының орынбасары:
— Шаштараз мамандығының 2-ші курс студенттері шеберлік сабағын өткізді. Олар оқушыларға шашты үй жағдайында тез әрі әдемі жинау жолдарын көрсетті.
Биыл қызмет көрсету саласы колледжіне 200 студент түскен. Олар тегін білім алады. Оқу орнының басшылығы жастардың қатарға мейлінше көп қосылғанын қалайды.
Ақтолқын Солтанханқызы