Қырағы құтқарушылар қамыс арасында қалған азаматты құтқарды! Тайынша ауданындағы Көзашар ауылының маңында салт атты жылқышы адасып кеткен. Ол батпақты жерге кіріп, 2 шақырымдай жердегі қауіпсіз төңірекке шыға алмапты. Мамандар 32 жастағы жігітті дрон арқылы анықтады. Әуеден түсірілген видеода жерлесіміздің алақандай ғана томарда тұрғаны байқалады. Ал мінген жылқысы таяқ тастам жерде тұр. Құтқарушылар діттеген орынға үрлемелі қайықпен жетті. Азамат пен Қамбар ата төлі батпақ басқан аумақтан қас қарайған кезде шығарылды.