Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” акциясы

Өңірде кезекті мәрте “Жолда қабылдау” акциясы өтті. Шара халық көп жиналатын орындарда, соның ішінде сауда орталықтарында ұйымдастырылды. Ауқымды республикалық бастама аясында тәртіп сақшыларына теріскейліктер тарапынан 30-дан астам сауал қойылды.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, СҚО ПД процессингтік орталығының бастығы: 

— ҚР ІІМ тапсырмасы бойынша 3-ші және 4-ші қазан аралығында “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті. Негізгі мақсат – халыққа құқықтық көмек көрсету, жол-көлік оқиғалары, соның ішінде балалар жарақатын ескерту, қоғам мен билік арасында байланысты кеңейту.

Қойылған сұрақтардың дені жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтау, жол белгілерін орнату және өзге де инфрақұрылым элементтерін ұйымдастыруға қатысты болды. Мамандар тұрғындардың өтініштерін тыңдап, нақты жауаптар берді.

— Мен ондаған жыл ауылдық спорт мектебінің директоры болып жұмыс істедім. Мектеп маңына жол белгілерін орнату – бізді үнемі толғандырған мәселе. Қазір асфальт төселіп, белгілер қойылды. Бұрын сұрап, талап еткеннің бәрі бүгін бар. Алғыс айтамын.

Сонымен қатар, тұрғындар өз сауалдарын әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирде де қоя алды. Акция облыстың барлық ауданында ұйымдастырылды.